Бүгін Павлодардың 700-ге жуық көпқабаттысы қайнақ сусыз отыр
Ал көшелерде бағаналар орнатылғанымен, жарықшамдары жанбайды. Павлодарлықтар бірнеше жыл бойы аталмыш мәселені көтеріп келеді. Осы төңіректе біздің редакцияға жіберілетін бейнелер де көп. Коммуналшылардың ақпараты бойынша, бүгін Павлодардың 138 ауласы жарықтандырылмаған. Қала әкімі мұны алақол мердігерлермен байланыстырды.
- 2019-шы жылы қала көшелерін жарықтандырумен айналысқан «Астана Базис-А» мердігерлік ұйымы жұмыстардың 60 пайызын ғана аяқтаған. Бүгінде соттың шешімі бойынша қалған жарықшамдарды орнатуға міндеттелді, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.
Жанбай тұрғын жарықшамдарды тамыздың 1-не дейін іске қосу қажет. Бүгінде Орталық жағажай және Конституция алаңындағы мәселе шешілді. Биыл Павлодардағы сыртқы жарықтандыру жұмыстарына 196 миллион теңге бөлінді. Ал көшелердегі жолдарды ретке келтіруге 1 миллиард теңге қарастырылған. Естеріңізге салсақ, өткен жылы екінші Павлодардың жеке секторында жаңа жол салынған болатын. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасады.

