Бүгін санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Жаңа қаулыда көп өзгеріс жоқ. Негізінен оқушыларға қатысты. Бала саны 300-ден аспайтын мектептерде кезекші сыныптар қайта ашылады. Бір кластағы  бала саны 15-тен аспауы тиіс.

 

- Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып аралағындағы оқушылар сабаққа бара алады. 5-сынып оқымайды. Ата-аналардың өтініші бойынша сыныпта 15 баладан аспауы тиіс. Сонымен бірге 11-12 сыныптардың оқушылары аптасына алты рет пәндердің 70% штаттық тәртіпте, ал 30% қашықтықтан оқи алады. Оқушы саны 15-тен аспауы тиіс, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі Ғизат Әбішев.

 

Ал желтоқсанның 31-нен 5-не дейін шектеулер енгізілді. Яғни жаңа жылдық ертеңгіліктер мен жиындарға тыйым салынады. Тіпті үйде көп адам жиналуға болмайды. Оны көршілердің шағымы бойынша анықтайды. Бүкіл мереке күндері сауда үйлері мен азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Қоғамдық көлік те қозғалысын тоқтатпайды.