• Басты бет
  • Қоғам
  • Бүгін - халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні

Бүгін - халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні

Бұл үйдің ауласында ерекше тудың ілініп келе жатқанына 10 жылдай болды. Иесі – Анатолий Стасьо Чернобыль апатын жоюға қатысқандардың бірі. Сәуірдің 26-сы жыл сайын ол Киевте сыйға берген Чернобыль Одағының жалауын көтереді.  

 

- 2013 жылдан бері қаралы күні арнайы іліп келемін. Тұтастай жоғары көтермей жартылай ғана көрсетемін. Маңаттағылардың бәрі, өтіп бара жатқандар бұл не деп сұрап жатады. Әрине мен олардың бұл оқиғадан хабардар болғанын қалаймын, - деді ЧАЭС апаты зардабын жоюға қатысушы Анатолий Стасьо. 

 

 

Қаралы болса да, 35 жыл толған оқиға туралы еске алу шараларын сәуірдің 26-нан әлдеқайда бұрын бастап кетті. Оқушылармен, студенттермен бірқатар кездесулер өткізіп, апаттың қорқынышты тұстарымен бөлісті. Солардың бірі – облыстық әкімдік көлемінде өткен еске алу шарасы. Салтанатты жиын барысында «Қазақстан Республикасы Чернобыль Одағы» қауымдастығы төрағасы Виктор Деймундты облыс алдындағы ерен еңбегі үшін медалімен марапаттады. Сондай-ақ бірқатар қатысушылар аймақ басшысы атынан алғыс хаттар мен мадақнамаларға ие болды.

 

- Олар бұл сынаққа қатысып, денсаулығына, өмірлеріне орасан зор зиян алды. Осыған қарамастан, елге оралғаннан кейін, әр салада бейбіт өмірде абыройлы еңбек жасап, елге қызмет көрсетуде, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

 

Бүгін – қорқынышты апат пен қайғылы оқиғаны жоюшыларға арналған ескеркіш алдында бірқатар адам жиналып өздерінің татуластықтары мен бірліктерін көрсетті. Індет салдарынан келушілер саны көп болған жоқ. Дегенмен жыл сайын қатарлары да азайып келеді.