Бүгінде чек бермеу дерегі туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы бар
ОЛ үшін Aplle App Store және Google Play market қосымшаларынан «Wipon» қосымшасын жүктеп бейнематериал жолдау қажет. Айта кету керек, ол жерде чек беруден бас тартқан жайыттың толық дәлелі болып, чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін толық ақпарат көрсетілуі тиіс.
- Әр берілген чек – бюджетке төленген салық. Ал бұл дегеніміз жаңа жолдар, жаңа салынған мектептер, ауруханалар, өрт сөндіру қызметі мен полицияны қамтамасыз ету. Бір сөзбен айтқанда ол бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық әлеуметтік сала. Сондықтан, тұрғындар бұған өз үлесін қоса алады,- Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.
Өткен жылы салықшылар 600-ден астам бейнематериал қабылдаған. Оның тең жартысы дәлелденіп, ақпарат жіберушілер сыйақыларын алды. Биыл жыл басынан бері 24 адам заң бұзушылық жайлы хабарлаған екен. Осы ретте мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары барлық тұрғындарды азаматтық ұстанымдарын білдіруді шақырып отыр.
Авторы: Аида Адрахова