Бүгінде Павлодардағы көпқабаттылардың жартысынан көбісі қайнақ сусыз отыр
Жаз мезгілінде ыстық сусыз отыруға үйреніп қалдық дейді павлодарлықтар. Кейбіреулері арнайы жылытқыштар орнатса, басқалары жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімін күтуге мәжбүр.
Соңғы гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша Павлодардағы магистаральдерде 30, ал орамішілік аумақта 157 ақау анықталды. Қайнақ сусыз отырған көпқабаттылардың тізімі ресми сайтта үнемі жаңартылып отырады дейді мамандар.
- Сайттағы ақпарат күнделікті жаңартылып отырады. Себебі, қайнақ суды беру барысында жаңа ақаулар пайда болып жатады. Ең алдымен магистральдегі олқылықтар жойылады. Кейін жөндеу жұмыстары орамішілік құбырларда жүргізіледі, - деді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Екатерина Байжуманова.
Қайнақ судың нақты беру мерзімін атау қиынға соғады. Себебі қызметкерлер ең алдымен олқылықтың деңгейін анықтайды. Бүгінде Павлодардағы жылу желілерінің тозу көрсеткіші 80 пайыздан асып кеткен.

