• Басты бет
  • Қоғам
  • Бүгінгі таңда Павлодарда тұрғын үйлердің 23 пайызы ыстық сусыз

Бүгінгі таңда Павлодарда тұрғын үйлердің 23 пайызы ыстық сусыз

Желілердегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 74 көпқабаттыда шілденің соңына дейін қайнақ болмайды.

 

-Сынақтар нәтижесінде 416 ақау анықталды. Оның ішінде Павлодарда 261, Екібастұзда 150 және Ақсу қаласында 5 ақау. Қазіргі таңда 190 ақау жойылды. Бұл 45 пайызға жуығы. Павлодарда 143, Екібастұзда 53, Ақсуда төртеуі,- дейді Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салханов.

 

Жылу желілерінің күрделі жөндеуіне байланысты 74 үйде ыстық су шілденің соңына дейін болмайды. Қайнақ бойынша қосымша ақпарат алпауыттың ресми сайтында жарияланған. Сонымен қатар үйлердің жекеменшік иелері бірлестігіне көшуде келесі жылыту маусымына дайындығы жұмыстар атқарылуда.

 

-Әрбір тұрғын үйін алдағы жылу маусымына дайындауы керек. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. ПИК-термен, тұрғындармен кесте бойынша кездесу өткізудеміз. Барлық тиісті шаралар жоспарланған,- дейді Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салханов.

 

Әкімдіктегілердің айтуынша биылғы жылыту маусымында апаттар 15 пайызға аз болған. Бұны ауа райының қолайлы болуымен байланыстырды.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова