• Басты бет
  • Қоғам
  • Бүгінгі «Нәзік жан» кейіпкері - өнімнің сапасына жауапты маман

Бүгінгі «Нәзік жан» кейіпкері - өнімнің сапасына жауапты маман

Еңбек жолын химиялық сараптама зертханашысы болып бастап, бүгін  басым бөлігі әйелдерден тұратын ұжымды басқарып отыр. Өнімнің сапасын тексеруге жауапты. Қызмет жеңіл емес. Бір айда 109 000 анықтама элементі жасалады№

 

- Менің ойымша, біздің елімізде әйелдер барлық салаларда қызмет етеді. Соған қарамастан зауыттарда, қауіпті өндірістік нысандарда әйелдерге ғана арналған кәсіптер де бар — бұл химиялық талдау зертханашысы, цехтардағы жұмыскерлер, кран тізгінінің мамандары, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының орталық зертхана басшысы Лариса Саланова.

 

Лариса Саланова орталық зауыт зертханасын 2016 жылдан бастап басқарады. Ұжым ең ұйымшыл дейді. Олардың қызметі тұтас механизм іспеттес. Сәйкесінше, жұмыс нәтижелері жайлы, яғни, кәсіпорын өнімдерінің жоғары сапасы туралы бүкіл әлем біледі.

 

- Бұл командалық жұмыс, яғни, біз бір ортақ істі жасаймыз. Егер ферроқорытпа цехтары өнімді балқытуға жауапты болса, сапаны тексеру бөлімі оны бақылайды. Біз барлығын талдаймыз, өйткені сараптама негізінде өнімдер экспортқа жіберіледі, яғни сапа бойынша шағымдар түспейді. Бұл орталық зауыт зертханасы мен тексеру бөлімінің сапалы жұмыс нәтижесі деп ойлаймын, - деді кейіпкеріміз.

 

Лариса Саланованың отбасысында оның қызметін өте құрметтейді. Жұмыс қиын екендігін жақсы түсінеді.     

 

- Менің күйеуім де бұрын зауыт қызметкері еді, сондықтан барлығын түсінеді. Ұжымда қандай атмосфера екендігін жақсы біледі, оған қоса қарамағымда 100 адам бар,  негізінен әйелдер қауымы. Қарым-қатынастарымызды бір жазықтықта ұстауға тырысамыз. Анау жақсы, мынау жаман деген жоқ. Кәсіби көзқарас, - деді Лариса Саланова.

 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жұмыскерлер ұзақ уақыт бойы баптап жүрген раушандар гүлдеді. Бұны жақсылыққа ырымдады.