• Басты бет
  • Қоғам
  • Бүгінгі «Нәзік жан» кейіпкері – бақылау пультінің диспетчері

Бүгінгі «Нәзік жан» кейіпкері – бақылау пультінің диспетчері

- Грецкий Николай Павлович есімді атам алюминий зауыты күзетінің бірінші басшысы, ал екінші атам қарауыл басшысы еді. Менің анам күзетте 33 жыл еңбек етті. Өзімнің де бұл қызметте жүргеніме 13 жыл толды. Жұмыс аясында дабылдату жүйесін бақылаймын. Жедел әрекет ету, бейнебақылау, көлікті тексеру сынды міндеттерді орындаймын, - деді «ҚЭЗ» АҚ орталықтандырылған бақылау пультінің диспетчері Татьяна Силкина .
Таңғы жиналыс аясында пікір алмасу жасалады. Татьяна әрқашанда ізденісте, кәсіпорынды сыртқы жаудан қорғаудың жаңа тәсілін меңгеруге асық. Бұл ретте, компьютерлік шабуылдардың алдын алуды да назарға алған. Күн сайын, өндіріске келген жұмыскерлерді жылы қарсы алады деуге болады.
- Өте жауапты, әділ адам. Тәуліктік кезекшілікке бірге түсеміз. Қиындықтар орын алса, мәселені бірге шешіп, кеңесіп отырамыз, - деді «ҚЭЗ» АҚ қарауыл басшысы Науан Намазбаев.
Татьяна Силкина үйдегі тәртіпті де ұмытпайды. 16 жасар ұлын нағыз ер азамат қылып өсіруге барын салуда. 8-ші наурыз күні Татьяна, өзге әріптес аруларымен бірге құттықтауларды қабылдайды. Бірге жұмыс істейтіндердің оған деген кұрметі ерекше, тіпті анда-санда оған еркелеуге де болады дейді. Күзет маманы сүйікті қызметі үшін сапалы жалақы да алады. Бастысы отбасыға және кәсіпорындағы жұмысқа да көңіл бөлетін жан, екі жақта да өз бақытын тапқан сияқты.