Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға медаль беретін ақша жоқ
Облыстық кітапхана залына жиналғандар радиациялық апат туралы бейнелермен танысып, оқиғаның қалай орын алғаныдығын көрді.1986 жылы Украина еліне барған 32 мың қазақстандықтың, 1200-дейі павлодар облысынан жиналған. Бүгінгі таңда олардың шамамен 200-і ғана жер басып жүр. Қатарымыз сиреп барады дейді қатысқандар. Себебі елімізде нақты сәулелік дертке шалдыққандарды емдейтін орындар жоқ екен.
- Сондықтан біз қолдағы бар облыстық және республикалық әскери госпитальдар бар ардагерлерге арналған, солардан ем алады. Бірақ енді өкінішке орай ол жердегі ем күнделікті дәрігерлерде беретін ем сияқты. Именно сол облучениеден алатын таза ем жоқ, - деді Чернобыль апатын жоюға қатысушы Мұрат Сәбитов.
Бүгінде аз қалсақ та, бірлігіміз мығым дейді Мұрат Сәбитов. Және кез келген жағдайда бас қосып, ақылдасып, өзара мәселелерді шешуге дайын. Және қасіретті датаның 35 жылдығы құрметіне барлық апатты жоюға қатысқандарға арнайы төсбелгі беруді ұйғарған. Алайда бұл тарапта да мәселе пайда болыпты.
- Медаль бойынша бірқатар мәселе бар. Нақты айтқанда қаржылық. Оларды сатып алу керек. Қазіргі таңда біз мемлекеттік ұйымдарға шығып, көмек сұрап жатырмыз. Және барлығы оң шешіледі деген үміттеміз, - деді «Павлодар облысы Чернобыль Одағы» бірлестігінің төрағасы Виктор Деймунд.
Сәуірдің 26-сы жүрек жұтқандар павлодардағы Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға қатысқандардың құрметіне қойылған ескерткіш қасында бас қосып, қаралы күнді еске алады. Шараға барлық жерлестеріміз келеді дейді бірлестік төарағасы. Кейбірі екі аяғына нық тұрып жүре алмаса да, туыстарының көмегімен шараға келіп, қаралы күнді еске алуға ниетті екендігін де жасырмады.

