• Басты бет
  • Қоғам
  • COVID-19-бен ауырғандар тегін шипажайларда ем қабылдай алады

COVID-19-бен ауырғандар тегін шипажайларда ем қабылдай алады

Сондай-ақ, дерттен жазылып шыққандар емханалардағы оңалту орталықтарында денсаулықтарын түзей алады. Пациенттер кем дегенде 10 күн ем алады.

 

- Ковид инфекциясымен ауырған науқастар біздің бөлімшеде галокамера, дем алу гимнастикасы, кеуде массажы және электроемдеу сынды ем-шаралар алады, - дейді №1-емхананың реабилитолог дәрігері Айгүл Күлшманова.

 

Жыл басынан бұл оңалту орталығында 300-ден астам адам емделген. 51 жастағы Жанар Құрмашева өткен жылдың жазында екі жақты пневмониямен ауырып, өкпесі 60 пайызға қабынған.

 

- Мұнда физ кабинетке келіп, жаттығу жасап, галокамераға бардық. Содан кейін тұз шахтасы деген бар. Өте шипалы, емі жақсы. Өзімнің денеме, іш-құрылысыма бәрі жақсы болды. Бекер келген жоқпын, - дейді емделуші Жанар Құрмашева.

 

COVID-19-бен ауырған пациенттерге медициналық көрсеткіштеріне байланысты шипажайларға жолдама қарастырылған. Бұл ретте Жанар Құрмашева денсаулығын түзеу үшін жақын арада Бурабайға тегін аттанады. Айта кететіні, өңіріміз бүгіннен бастап «сары аймақта». Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 57 адам.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова