• Басты бет
  • Қоғам
  • Цифрлық эволюция: Павлодар облысында "ХҚКО"мобильдік қосымшасы танымал болып келеді

Цифрлық эволюция: Павлодар облысында "ХҚКО"мобильдік қосымшасы танымал болып келеді

Павлодар облысында 2024 жылдың басынан бастап "ХҚКО" мобильдік қосымшасы арқылы 1000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қосымша 80-ге жуық қызмет алуға мүмкіндік береді. Ең танымал-электрондық цифрлық қолтаңба беру, біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және кейіннен жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО емтиханына жазылу және қосымшада баж салығын төлеуге, барлық қажетті құжаттарды тіркеуге,  емтиханның күні мен уақытын тағайындауға болады.

"ХҚКО" қосымшасы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және танымал болып келеді, – деп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы атап өтті. Павлодар облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінде - Азаматтарға орталықтарға барып уақытын жоғалтпай қызмет алу ыңғайлы. Бұл жағдайда кез-келген деректерді өзгерту қауіпі жоқ, өйткені клиенттер биометриялық аутентификациядан өтеді".

Егер қызмет алушыға ХҚКО-ға жеке бару қажет болса, онда қосымшада ол кезекті брондап, орынды, күн мен уақытты алдын ала таңдап, содан кейін смартфонда талон ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мемлекеттік мерекесі күндері 21-25 наурыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылады. Павлодар қаласы, Павлов көшесі 48 мекенжайы бойынша кезектегі ХҚКО 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Халыққа қызмет көрсету орталықтары дәстүрлі жұмыс кестесіне 26 наурыздан бастап оралады.