• Басты бет
  • Қоғам
  • Дауыс беру күні Павлодар облысында 522 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Дауыс беру күні Павлодар облысында 522 сайлау учаскесі жұмыс істейді

23 тамызда, дауыс беру күні Павлодар облысында 522 сайлау учаскесі ашылады. Олар белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп, әрбір сайлаушыға өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Қолжетімділік мәселесіне ерекше назар аударылған. 21 сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық бейімделген. Олар азаматтардың дауыс беруге жайлы әрі кедергісіз қатысуы үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

 

Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жалғасуда. Аймақтық сайлау комиссиясы өкілдері өңір тұрғындарына қажет болған жағдайда өзгерістерді уақытылы енгізу және дауыс беру күні орын алуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін өздерінің дербес деректерінің дұрыстығын алдын ала тексеруге кеңес береді.