Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Қоғам

23
Павлодар облысында шілденің 15-нен бастап карантин қатаңдатылады. Республикалық ведомствааралық комиисия отырысынан кейін осындай шешім қабылдаған. Шектеулер негізінен бизнес нысандарына қатысты. Алдағы демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Тек саяжайға баратын бағыттарға рұқсат етіледі. Ірі сауда үйлерінде киім сатуға тыйым салынады. Азық түлік сатпайтын дүкендердің алаңы 2 мың шаршы метрге дейін болса ғана жұмыс істей алады. Жай күндері шектеулер аз.

-Жай күндері «ASHYQ»  жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, спорт-сауықтыру клубтары, сауна, СПА-орталықтар, спорт нысандары, бассейндер 20.00-ге дейін, ал сауда демалыс орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері «ASHYQ» жобасына қарамастан  18:00 дейін істейді,- дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Енді дәмханалар кешкі алтыға дейін ашық болады. Ал «ASHYQ» жобасымен 20.00-ге дейін. Қаулыда көрсетілгендей көптеген нысандар осы арнайы қосымшаға тіркелген болса ұзағырақ жұмыс істей алады. Санитарлық дәрігер шағын және орта бизнесті тексеру туралы да айтты.

 

-15 шілдеден кейін вакцинация бойынша тексеріс болмайды, себебі 19 шілдеден соң екпе салу мерзімі қайта қарастырылуы мүмкін, -  деп хабарлады Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері.

 

Өткен тәулікте аймағымызда 143 адамнан КВИ анықталған. Айта кету керек, карантин талаптары 15 шілдеде бастап күшіне енеді.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()