Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Демалыс күндері саяжайға дейін жүретін автобустар қалыпты маршрут бойынша қатынайды

Қоғам

18
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Автобустар саяжайға дейін ғана қатынайды. Бүгін әкімдікте жаңашылдықты түсіндірді. Отырған адамдар нақты қай бау-бақшаның күтіміне бара жатқаны тексерілмейді. Соңғы аялдама бағбаншылықтар болмақ. Сол себепті Кенжекөлге жүретін №24 автобус ауылға кірмей, соңғы аялдамада тоқтайды.

-Демалыс күндері саяжайға дейін №1, 2, 9, 10, 14, 17, 18, 21, 22, 24, 27, 31, 40, 44 автобустар және №152 мен 153-ші шағын кластағылар қатынайтын болады ,- деп түсіндірді  Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Қала әкімдігінде демалыс күндері жүретін автобустардың санын көбейту қолға алынды. Сондай-ақ, №3 және №4-ші трамвайлардың жүрісі тоқтамайды. Желіге 30 минут аралығында 4 вагон шығып отырады.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()