• Басты бет
  • Қоғам
  • Демалыс күндері Павлодарда тіркелген 3 жол-көлік апатынан 4 адам жапа шекті

Демалыс күндері Павлодарда тіркелген 3 жол-көлік апатынан 4 адам жапа шекті

Сол күні түнге қарай Н.Назарбаев даңғылы мен Академик Шөкин көшелерінің қиылысында кроссовер мен жеңіл көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кроссовердің екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

 

Сәуірдің 25-і Н.Назарбаев даңғылы, 28 мекенжайында тағы бір жасөспірім көлік астында қалған. Шет елдік көліктің жүргізушісі велосипед тепкен баланы қағып кетіпті. Бала түрлі жарақаттарымен ауруханада. Барлық жағдайлар бойынша сараптама тағайындалды. Көліктер айыптұрағына қойылды.