Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

-Жай күндері «ASHYQ»  жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, спорт-сауықтыру клубтары, сауна, СПА-орталықтар, спорт нысандары, бассейндер 20.00-ге дейін, ал сауда демалыс орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері «ASHYQ» жобасына қарамастан  18:00 дейін істейді,- дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Енді дәмханалар кешкі алтыға дейін ашық болады. Ал «ASHYQ» жобасымен 20.00-ге дейін. Қаулыда көрсетілгендей көптеген нысандар осы арнайы қосымшаға тіркелген болса ұзағырақ жұмыс істей алады. Санитарлық дәрігер шағын және орта бизнесті тексеру туралы да айтты.

 

-15 шілдеден кейін вакцинация бойынша тексеріс болмайды, себебі 19 шілдеден соң екпе салу мерзімі қайта қарастырылуы мүмкін, -  деп хабарлады Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері.

 

Өткен тәулікте аймағымызда 143 адамнан КВИ анықталған. Айта кету керек, карантин талаптары 15 шілдеде бастап күшіне енеді.