• Басты бет
  • Қоғам
  • Денелерінен түрлі паразиттер шығып, дәрігерлер оның есі ауысқан деп санаған.

Денелерінен түрлі паразиттер шығып, дәрігерлер оның есі ауысқан деп санаған.

Бейнені эмоциясыз көру мүмкін емес. Балалардың терілерінен жіп тәріздес жәндіктер шығуда. Этикалық тәртіпке байланысты бұл кадрларды толық көрсете алмаймыз. Бірақ олар әлеуметтік желілерде бар. Аталмыш шипажайды павлодарлық отбасылар әлеуметтік қызмет порталы арқылы таңдаған. Барған күннен-ақ шикіліктерді байқаған.

- Бөлмеге кірген кезде біз балконнан көптеген құс ұяларын таптық. Санаторийде болған күндердің бірінде өлі балапандар табылды. Кетер күні өзге адамның осы санаторийде тұрып, құс паразиттерін жұқтырғаны туралы әңгімеге куә болдық, - дейді Анна Пахомова.

Өз денесінде паразиттерді тапқан Анна Пахомова павлодарлық дәрігерлерге жүгінген, бірақ олар оны психдиспансерге жіберіпті. Әйел өзінің ақыл-есі дұрыс екенін дәлелдеу үшін тексерістен өткен. Осыдан кейін ғана  жәндіктерді зерттей бастайды.

- Паразиттер денеден шыға бастағанда, біз зертханаға жүгіндік. Онда олар не екенін анықтай алмады. Біздің зертханашылар бұған машықтанбаған, олар бұл салада жұмыс істемеген, - деп мәлімдеді Анна Пахомова.

Зардап шеккен отбасылар қазіргі таңда карантинде. Терілерін зоодүкеннен алған құралдармен өңдейді. Бар қалауы нақты диагноз қойып берсе дейді. Бірақ, Павлодарда паразиттердің  тек бір түрін ғана анықтаған. Зерттеу жалғасуда.