• Басты бет
  • Қоғам
  • Достық шағын ауданындағы жаңа үйдің бір кіреберісі алдағы қыста ыстық сусыз қалуы мүмкін

Достық шағын ауданындағы жаңа үйдің бір кіреберісі алдағы қыста ыстық сусыз қалуы мүмкін

 

Соңғы қабатта тұратын пәтер иелері қайнақ құбырын пәтерден, техникалық шатырға шығарған. Қызмет көрсетуші ұйым жауапкершілікті алмайтындығын жеткізді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Назарбаев даңғылындағы №309/1-үйдің қызмет көрсетуші ұйымы техникалық қабатқа шығарылған құбырды көрсетуде. Мұнда қыста ауа температурасы минустық. Сол себепті ол қатып, кіреберіс тұрғындары қайнақсыз қалу қауіпі бар.

 

- Жаз мезгілінде құрылыс компаниясы қайнақ су құбырын пәтерден техникалық қабатқа шығару жұмыстарын орындады. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, оны жылыту үшін салынған материалдың сапасы мен көлемі жұқа. Қыста бұл жерде температура төмен. Ертен апат орын алса, кіреберістегі барлық пәтерлер ыстық сусыз қалады. Адамдар бірінші кезекте бізді шақырады. Біз құбырды еден деңгейінен көтеріп, минералды мақтамен оқшаулауды сұраймыз,-деді қызмет көрсетуші ұйымның басшысы Фатима Кадымова.

 

Тұрғындар шатырға көтеріліп, шығарылған құбырдың жағдайымен танысты. Барлығы қыста ыстық сусыз қалғысы келмейді. Компаниясынан мәселені шешуші талап етті.

 

- Құрылыс орындаған компанияға жүгінгім келеді. Аталмыш құбыр жоба бойынша жоғары қабаттағы пәтерде орналасса, оны неге сыртқа шығарды? Бұл жұмыстар неге осындай сапасыз орындалған? Ол құбырды дұрыстап оқшаулау қажет. Жағдайға назар аудармаса, қыста ыстық сусыз қаламыз,-деді Назарбаев даңғылындағы №309/1-үйдің тұрғыны Жанар Туртулова.

 

Ал құрылыс компаниясының өкілдері, құбырларды техникалық қабатқа шығаруды тұрғындардың өздері талап еткенін алға тартты.

- Жылу оқшаулағыш бойынша біз алдағы уақытта қайтадан орындалған жұмыстарды тексеретін боламыз. Бұл жұмыстарды қосалқы мердігерлік ұйым орындаған. Олқылықтар болса, қысқа уақытта оларды жоюға тырысамыз. Қажет болған жағдайда сыртқа шыққан құбырлардың деңгейін еденнен көтеретін боламыз. Сыртқы оқшаулағышын минералды мақтамен қаптаймыз,-деді құрылыс фирмасы басшысының орынбасары Абзал Шакаров.

 

Сондай-ақ, алдағы уақытта құрылысшы компания өкілдері әрбір пәтердегі жылу есептеуіш құралдарын іске қосатыны жайлы айтты. Бұл уақытқа дейін бөлшектерді жеткізумен мәселе болған. Адамдар жаңа үйдің кепілдік мерзімі аяқталуға жақын, сол себепті жұмыстарды жылдамдатуға шақырды.