Достық шағын ауданындағы үйлерді қашан қолданысқа береді?
Қазіргі таңда бұл көпқабатты үйлерге инженерлік коммуникациялар тартылған. Дегенмен де құжаттарын рәсімдеуге біраз уақыт кетеді деп хабарлады қалалық әкімдікте. Үш көпқабатты үй жақында қоныстанушыларға тапсырылады.
- Пәтерлерді пайдалануға беру үшін келесі рәсімдер өткізіледі. Үйлерге мекенжай бекіту және оларды мәліметтер базасына енгізу. Павлодар қаласы әкімдігі көп пәтерлі тұрғын үй кешенін құрылыс бөлімі балансынан қаржы бөлімі меншігіне беру, тапсыру, қабылдау актісін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеу жүргізіледі, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Аталған процедураларды орындауға 20 күндей уақыт жұмсалмақ. Ал шілденің онына қарай қоныстойды күткен павлодарлықтар баспаналарына көше алады деді әкімдіктегілер.
