Дінислам Болатханұлы: «Оқушылардың демалысы қысқармайды»
Бұл оқу үрдісіне еш әсер етпеген. Сонымен қатар биыл президент жариялаған балалар жылында қандай шаралар қолға алынатынын айтып өтті. Павлодар облысында биыл балаларды тегін тамақтандыру үшін балабақшаларға 876 миллион теңге, ал мектептерге 400 миллион теңге шамасында бөлген. Сонымен қатар оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүру үшін де қаражат қарастырылған. Бұл балалар жылында қолға алынған басты шара. Ал қаңтардың басындағы оқиғаға байланысты сабақты сәл кеш бастаған оқушылар үшін ештеңе өзгермейді.
-Оқу үрдісі әдеттегі тәртіпте өткізіледі. Жыл басында орын алған оқиғаға байланысты ештеңені өзгертпейміз. Біз бұл туралы білім беру ұйымдарына, ата-аналар мен балаларға да айттық,- дейді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.
Айта кету керек балалар жылы аясында ауылдарды дене шынықтыру кешендерін, көшеде жаттығу құралдарын, шағын спорт және ойын алаңдарын орнатпақ. Білім басқармасында қауіпсіздік туралы да ескергендерін айтты. Мектептер мен балабақшалар жанында жасанды бөгеттер орнатылады. Ал көктемгі каникул - наурыздың 19-ы мен 30 аралығына жоспарланған.
А вторы: Бибінұр Хамитқызы
Фото әлеуметтік желіден алынған