Дәрігерлер дәрі бермесе шағымдану керек
Емханалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жыл бойы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге міндетті деп мәлімдеді бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасында Қазіргі таңда қоймадағы дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті. Егер дәрігер оны бермесе шағымдану керек. Жылдың басында препарат болмай қалуы мүмкін емес. Себебі оған алдын ала тапсырыс беріледі деді брифинг барысында.
-Емхананың қолдау қызметіне жүгіне алады. Мәселені емдеу мекемесінде-ақ шешуге болады. Егер бұл деңгейде шешілмесе денсаулық сақтау басқармасының жағдаяттық орталығына немесе дәрілер бөліміне хабарласа алады,- дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Анар Омарова.
Мемлекет кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында бес жүзден астам, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында үш жүз дәрі түрін қарастырған.
Авторы: Бибінұр Хамтқызы