Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Екібастұз тұрғыны учаскелік дәрігерді жұмыстан шығаруды талап етуде

Қоғам

61
Алина Кетебаеваның тоғыз айлық ұлы Тимур бір жыл бұрын пенвмониядан көз жұмған. Ол бұған баласына қате диагноз қойған маманды кінәлайды.

Бір жыл бұрын ақпан айының соңында 9 айлық екінші баласының кенеттен қызуы көтерілген. Алайда дәрігерлер бұған тісі шығып жатқаны себеп депті. Бірнеше күн бойы тек қызу түсіретін дәрі берген. Көмегі болмаған соң емханаға қайта барған кезде бүлдіршінге фарингит деген диагноз қойған. Ал наурыздың 4-і бала ауруханада көз жұмады.

 

- Сараптама көрсеткендей  ауыз жұтқыншағы қабынған. Нәтижесінде бұл пневмонияға, бронхитке әкелген. Ал бізге дәрігер бұл тістен деп қаншама күн бойы ватсап арқылы жай ғана дәрі-дәрмекті жазып берді. Барлық хабарлама менде сақталған.  Жедел жәрдем де қызуын түсіріңіз, өз дәрігеріңізге барыңыз деп келмеді, - деді Тимурдың анасы Алина Кетебаева.   

 

Алина баласының өліміне учаскелік дәрігерді кінәлап отыр.  Айтуынша ол әлі күнге дейін емханада жұмыс істеп жүр.

 

- Дәрігерге қатысты тексеріс жүргізілді. Барлық басқа қызметкерлер бұл оқиға туралы біледі. Олардың арасында әңгіме жүргізілді. Ал емдеуші дәрігер қатаң сөгіс алды, - деді «Дисконт» ӨК бас дәрігері СәулеАязбаева.

 

 

- Екібастұздың полиция басқармасында бала өлімі дерегі бойынша  қылмыстық іс тергелуде. Нәтижесі адам өліміне әкелген яғни медициналық қызметкердің жұмысына салғырт қарауы деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Екібастұз қаласы ПБ басшысының орынбасары Валентин Бигжанов.

 

Тәртіп сақшылары әлі күнге дейін сараптама нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Ал Тимурдың анасы дәрігерді бас бостандығынан айырғанын қаламайды. Тым болмаса жұмыстан шығаруды талап етемін дейді.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()