• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұзда баланы жәбірлеудің алдын алу тақырыбында психологтер кездесу өткізді

Екібастұзда баланы жәбірлеудің алдын алу тақырыбында психологтер кездесу өткізді

 

 

Оған ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Жиналғандар қоғамда буллингтің өршуіне баланың ортасы ықпал ететініне тоқталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Кездесуге мектеп басшысының орынбасарлары мен психологтері, ұстаздар, ата-аналар, ювенальды полиция және білім бөлімінің бас маманы қатысты. Психолог мамандары буллингтің алдын алу отбасыдан бастау алу керектігін алға тартты. Ата-ана мен бала арасында отбасы құндылықтары дәріптеліп, дұрыс қарым-қатынас құрылмаса, оның салдары кейінгісінің қатарластарымен қарым-қатынас құруына, тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететінін атап өтті.

 

- Егерде отбасында жанжалдасып, бір-бірімен қарым- қатынаста қиындықтар болған кезде, оның барлығын көріп өскен баланың бойындағы агрессия өте жоғары болады. 40-50 пайыз жоғары агрессияда жүрген балалар өзінің агрессиясын мектепке келген кезде өзінің бейнесін қалыптастыру кезінде ішкі дүниесінде болып жатқан агрессияны шығару үшін өз қатарластарына яғни осы буллингті көрсетуі мүмкін,-деді Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ психологі Сәуле Төлегенова.

 

Айту керек, профилактикалық шаралар моноқалада жиі ұйымдастырылады. Бұл үшінші тақырыптық кездесу. Жиналғандар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – баланы жәбірлеудің алдын алудың мәселелерін талқылады.

 

Фото: Freepik.com