• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұзда жылу желілерінен жүзден астам ақау анықталған

Екібастұзда жылу желілерінен жүзден астам ақау анықталған

 

Екібастұзда жылу желілерінің гидравликалық сынақтары аяқталды. Мамандар 143 ақауды анықтаған, ыстық суды тек барлығын жөндеген соң қосады деп хабарлайды irbistv.kz.

 

«Екібастұз жылу желілері» ЖШС гидравликалық сынақтар нәтижесінде магистралды желілерден 25, ал орам ішінде 118 ақау шыққанын хабарлады. Ыстық суды 10 тамыздан кейін кезең кезеңмен қосуды жоспарлауда.

 

-Ыстық суды ысытуға арналған жылу тасымалдағышты қосу тек ақауларды кезең-кезеңмен жойған соң ғана мүмкін болмақ, қазіргі уақытта мұнымен 17 бригада айналысуда, бұл мердігерлік ұйымдар мен жылу желілерінің бригадалары, - деп хабарлады «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-де.

 

Компанияда ыстық суды қосу бойынша мекенжайлардың тізімін жариялады. Ыстық су 10 тамызға дейін 637 көпқабатты үйде, 79 әлеуметтік нысанда, ал 15 тамызға дейін 30 үйде ыстық су болмайды.