Екі күнде 9 адам қар құрсауынан құтқарылған

Орынға дереу жеке құрамнан 2 адам және 1 бірлік техника жіберілді, осылайша жолдың тазартылған учаскесіне 2 жеңіл автомашина сүйреп шығарылды. Салонда 6 адам болды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Одан бөлек ақпанның 25-сі Екібастұз қаласынан 40 шақырым жерде жеңіл көліктің бұзылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы шығып, Екібастұз қаласына 3 адам жеткізілді. Бақытқа орай жапа шеккендер жоқ. Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, дауылды ескерту алған кезде және төтенше жағдай туралы құтқару қызметіне "112" және "101"нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.