• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұз тұрғынын ер адамға пышақ сілтегені үшін 11 жылға темір торға қамады

Екібастұз тұрғынын ер адамға пышақ сілтегені үшін 11 жылға темір торға қамады

Сотқа қылмыстық іс адам өлтіру дерегі бойынша түскен. Алайда үкімді нәтижесінде адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша оқыды. Тыңдаулар кезінде айыпталушының оны өлтіргісі келмегенін дәлелдеуге тура келді. Жанжал кезінде пышақтың көмегімен өзінің дұрыс екенін дәлелдемекші болған. Бір рет сұғып алып, әрі қарай отырысты жалғастырған. Алайда аз мерзіммен құтылып кету мүмкін болмады. Ер адам қоғамға қауіпті екенін ескерген.

 

-Бұрын адам өлтіргені үшін 7 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан. Ол ұқсас қылмыс жасағаны үшін қауіпті рецидив қалыптасады, бұл жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеуге әкеледі. Ол өзі үшін нәтиже шығармағандықтан қоғамға қауіпті болып қала береді. Яғни ол кез келген сәтте пышақ сұғып алып, мен олай жасағым келмеді деп айтуы мүмкін олай болмайды. Сол себепті сот қатаң жаза беруді ұйғарды,- дейді судья.

 

 

Сот үкімімен Екібастұз тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше қанды тоқтатпақ болғанын анықтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы