• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұз тұрғынын зират қоршауын ұрлағаны үшін 3,5 жылға қамады

Екібастұз тұрғынын зират қоршауын ұрлағаны үшін 3,5 жылға қамады

Анықталғандай ол өзі сол зират аумағында жұмыс істеп, осылай пайдаға кенелмекші болған екен. Жалпы шығын екі жарым млн теңгеден асып кеткен.

 

-Ол сол зираттағы жеке кәсіпкерде дәнекерлеуші, орнатушы және бетоншы болып жұмыс істеген екен. 2021 жылдың 25 тамызында ол ақшаға мұқтаж болып жаңа зиратта күтімі жоқ молалардың темірлерін шешіп алып, оны тапсырып тастағанын түсіндірді,- деп хабарлады сотта.

 

Ер адам кінәсін мойындады. Зираттағы қоршаулары ұрланған марқұмдардың туыстары оларды бас бостандығынан айыруды сұрамады. Дегенмен де ешқайсына шығынды қайтармаған. Айта кету керек, ер адам бұрын екі рет сотталған. Шартты түрде мерзімінен ерте босап шыққан. Енді ол зират қоршауын ұрлағаны үшін үш жарым жылын темір торда өткізеді.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы