• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздағы тұрғын үйлерге жылу 21 қыркүйектен беріле бастайды

Екібастұздағы тұрғын үйлерге жылу 21 қыркүйектен беріле бастайды

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінде әлеуметтік нысандар мен көпқабаттыларға қай уақыттан бері жылу қосылатындығын айтты дейді irsbistv.kz тілшісі .

 

Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес, Екібастұзда 16 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталды. Қалада ең алдымен әлеуметтік сала объектілері жылумен қамтылады.

Ал 21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу беріледі деп жоспраланып отыр. Осылайша, 16-23 қыркүйек аралығында жеке тұрғын үй секторын жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі.