• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздағы төбелес үшін 15 жылға сотталған көпбалалы әкенің мерзімін екі есе қысқартты

Екібастұздағы төбелес үшін 15 жылға сотталған көпбалалы әкенің мерзімін екі есе қысқартты

 Алғашқы рет, бұл оқиға туралы 2021 жылдың қыркүйегінде ер адамның анасы айтқан еді. Ұлына сол кезде бірінші сот инстанциясы үкім шығарған еді. Адам өлтіруге әрекеттену үшін айыптап 15 жылға темір торға қамады. Оқиға қоғамда көп талқыланған соң аппеляциялық алқа мерзімді 12 жыл үш айға дейін қысқартты. Алайда бапты бұрынғысынша қалдырды. Айыпталушының туысқандары мұнымен тоқтамай, істің Жоғарғы сотта қаралуына қол жеткізді.

 -Біз және жапа шегушілер істі қайта қарауы үшін Жоғарғы сотқа жүгіндік. 31 мамыр күні Жоғарғы сот «Адам өлтіруге әрекеттену» бабын «Ауыр дене жарақаттарын салу» бабына ауыстырып 6 жыл 8 айға соттады,-дейді сотталушының анасы Алтын Жанбаева.

Жоғарғы сот қаулысында жапа шегушілердің де пікірі ескерілген. Ер адамдар басынан төбелеске екі жақты болғанын, оларды ешкім өлтіргісі келмегенін айтқан еді. Әйелдің айтуынша, Павлодар облысында олардың сөзін ешкім назарға алмаған.

-Менің осындай қиын жағдайда қалғандарға айтарым, ешқашан да қол қусырып отырмаңыздар. Барлық есікті тоздырып, бүкіл инстанцияларға бару керек. Егер сені әділетсіз соттаған болса, күресу керек,-деп ойымен бөлісті Алтын Жанбаева.

Жоғарғы сот қаулысы бойынша ер адам енді қатаң емес, орташа қауіпсіздіктегі абақтыда жазасын өтейтін болады. Және мерзімімен бұрын босауға үміттене алады. Туысқандары көп балалы әке жаңа жылға қарай үйге оралады деген сенімде.