• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздағы жылу желілерінде орын алған ауқымды апат жойылды

Екібастұздағы жылу желілерінде орын алған ауқымды апат жойылды

Анықталғандай 16 көпқабатты үй, 936 жеке сектордағы баспана және 20 заңды тұлға және 1 әлеуметтік нысанда жылу уақытша тоқтатылған еді.

- Жылуды сөндіру себебі 350 мм құбырдың жылжымайтын бөлігіндегі ілмекті арматурадағы жөндеу жұмыстары еді. №5 жылу магистралінетиесілі учаскеге жылу кейін қайта берілді. Көп болса 3 сағат 50 минут көлемінді жылу болған жоқ. Алдын ала хабарлама да «Экибастузтеплоэнерго» телеграм каналында жарияланды, - дейді «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысы Екатерина Байжұманова.

Тұрғандар болса, шағымданып, желіде пікірлерін жазуда. Бұл ретте, қаңтардың 16-дағы жөндеу қалпына келтірілгенімен, бүгін Екібастұз қаласында №5 магистральге тиесілі тұрғын үйлерде жылу сөндіріледі деген мәлімет жарияланған. Қайтадан уақытша көрінеді.

 

Авторы: Дархан Бекишев