• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздық блогерді өлтірген үш сотталушыға үкім шықты

Екібастұздық блогерді өлтірген үш сотталушыға үкім шықты

Ал өткен жылы мамыр айында ер адам абақтыда көз жұмды. Белгілі болғандай оны камерада бірге отырған басқа сотталушылар соққыға жыққан. 2 сот үкімінде көрсетілгендей абақтыға түскен блогер мекемеге смартфон өткізбекші болған. Осылайша ол жасақтағы беделді сотталушылардың бірі орнатқан тәртіп ережесін бұзған. Ол ішімдік, есірткі қолдануға, кейбіріне телефон пайдалануға тыйым салған. Ал оның осы айтқандарына құлақ аспаған екібастұздық блогерді тепкіге жығыпты. Бір тәулік бойы ұрған. Ал жуынатын бөлмеге апарған кезде ол көз жұмды.

 

-Павлодар қаласының №2 соты бір топ тұлғаның алдын ала келісім бойынша ерекше қатігездікпен денсаулыққа зиян келтіру нәтижесі адам өліміне әкелді деген дерекпен үш сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімімен қылмыстың қайталануын, бұған дейінгі қылмысы үшін өтелмеген жазаларын ескере отырып біреуін 14, екіншісін 17, үшіншісін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,- деп мәлімдеді Павлодар қалалық 2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

 

Сотталушылар сотта кінәсін жоққа шығарды. Полицейлер қысым көрсетіп, қылмысты мойындатқанын айтты. Бұл шағым бойынша тексеріс жүргізіліп, факт расталмады. Айта кету керек сотталушылар ауыр қылмысы үшін сотталған. Бұл жолы олар қауіпсіздігі жоғары мекемеге ауыстырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы