Екібастұздық оқушы төбелестен соң ауруханаға түсті

Баланың миы шайқалып, мұрыны сынып, ауруханаға түскен. Әйел құқық қорғаушыларға шағым түсірген. Полицияда деректі растады.

 

-Аталмыш дерек Екібастұз қаласының ПБ тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жапа шегуші емделуде. Ем аяқталған соң сот-медициналық сараптамасы тағайындалады, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады,- дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

Баланың анасы мектеп басшылығы мен Екібастұз қалалық білім бөлімі бұл оқиғаға қатысты еш пікір білдірмегенін айтты. Полицияға хабарласқаннан кейін педагогтер әйелді айыптауға көшкен. Лицей директоры да, білім бөлімі мамандары да оқиғаға араласпаған.

 

Әлеуметтік желіде Павлодардағы №42 мектеп бойынша да шағым түсті. Онда үшінші сынып балалары өзара жанжалдасып қалған. Бейне авторының айтуынша жекпе жек үйірмесіне қатысатын оқушы сыныптастарына тыныштық бермейді екен. Мектеп басшылығы қазіргі таңда еш мәселе жоқ, барлығы шешілді дейді.

 

-Бұл оқиға мектеп пен оңтүстік полиция бөлімі деңгейінде қаралды. Ата-аналарды шақырып, алдын алу кеңесінде үш рет талқыладық. Оқиға шешімін тапты, балалар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрады,- дейді Павлодар қаласы №42 мектебінің директоры Ирина Тургульдинова.

 

Мектепте ата-аналар шағымданған бала тек өзіне балағат сөз айтқан соң барып қолын ала жүгіргендігін айтты. Бұл оқиғадан бері бір ай өткендіктен қазір жағдай бақылауда деді.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы

 

 

Фото әлеуметтік желіден алынған