• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздық зейнеткер жеке басына тіл тигізгені үшін танысына оқ атқан

Екібастұздық зейнеткер жеке басына тіл тигізгені үшін танысына оқ атқан

Бақылау камерасынан алынған кадрлар әлеуметтік желіде адам өлтіруден кейін бір тәуліктен соң пайда болды. Күдіктіні таңертеңгі уақытта адамдардың жүргені де тоқтатпаған. Кейін ол сотта бұл оқиғаға өткен жылдардың реніші себеп болғанын айтқан. Құрбанмен 1989 жылдан бері таныс. Бірге жұмыс істеген. Үнемі сөзге келіп жүрген. Бірнеше жыл бұрын айыпталушының ұлы да құрбанмен бірге жұмыс істеген. Олар да тіл табыспапты. Сотта өлтіргісі келмегенін айтқан.  Кезекті рет өзін балағаттағанын естіп, не істеп не қойғанын білмей қалған.

 

- Ол заңсыз қару сақтағаны және адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - дейді Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы Жанна Тергемесова.

 

 

Айыпталушы сотта зейнеткерлікке шығып таксист болып істегенін айтқан. Ал қаруды клиенттердің бірі көліктің артқы орындығына қалдырып кеткен дейді. Сол қайғылы оқиға орын алатын күні танысына ет сатып алу үшін келгенімен әңгімелері жараспаған.  

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы