• Басты бет
  • Қоғам
  • Екібастұздықтарға енді жүргізуші куәлігін алу үшін Павлодарға келудің қажеті жоқ

Екібастұздықтарға енді жүргізуші куәлігін алу үшін Павлодарға келудің қажеті жоқ

Бүгін ондаған тұрғын Екібастұздан Павлодарға теориялық және тәжірибелік емтихан тапсыру үшін келді. Бірақ мұндай қолайсыздықтар ұзаққа созылмайды.

 

-Екібастұзда автодром құрылысы осы жылдың басына жоспарланып отыр. Жаз айларында. Бізде облыс бойынша жүргізуші куәлігіне теориялық және практикалық емтихан Павлодарда өткізіледі. Екібастұздықтар үшін ыңғайлы болмақ, Павлодарға барудың қажеті жоқ,- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары Арай Камарова.

 

Екібастұз автодромында GPS-қадағалаудың жаңа технологиясы қолданылмақ. Сынақтан жүргізіп отырған көліктегі қателік белгісі бірден мамандардың компьютеріне түседі. Әрбір ереже бұзушылық автомобильде орнатылған борт журналға да жазылады. Жүргізуші куәлігін алуға қажетті балдарды да осы тәсілмен санайды. Мұндайда мамандармен алдын ала келісіп алу мүлдем мүмкін емес дейді орталық қызметкерлері.

 

Авторы: Артем Буланов