• Басты бет
  • Қоғам
  • Екінші Павлодар тұрғындары жер асты суларының мәселесін республикалық деңгейде шешуді талап етуде

Екінші Павлодар тұрғындары жер асты суларының мәселесін республикалық деңгейде шешуді талап етуде

Екінші Павлодар ауданындағы орталық кәріз қолданысқа 2019-шы жылдың желтоқсан айында берілуі тиіс еді. Естеріңізге салсақ, қала әкімдігі әрдайым жүйеден ақау анықтап отырған. Сол себепті мерзім шегеріліп келді. Жергілікті тұрғындар бір ауыздан нысан құрылысы соңына дейін аяқталмағанын айтуда. Құдықтар бар, алайда ішінде жер асты сулары. Адамдар көктемде үйімізді су басады деген алаңдаушылықтарын айтты. 

 

- Олар оны қалай іске қосады. Адамдар кәріз жүйесіне жақындауға қорқады. Көктемде жертөлеміз қайтадан суға толады. Үй қабырғаларында сыз пайда болады ғой. Салдарынан олар қисайып кетуі мүмкін. Есіктер дұрыс жабылмайды. Баспанамыздың астында жер асты суы бар, - деді екінші Павлодар тұрғыны Кристина Рахманова.  

 

Екінші Павлодардың бастамашы тобы барлық инстанциялардың көмегіне жүгінді. Шара қолданылғанымен, нәтиже жоқ.

 

- Біз мамандардан құрылған комиссияны талап етеміз. Олар кәріз жүйесін толықтай тексеріп, жарамды ма жоқ па екенін айтулары керек. Құдықтағы су нақты кетіп жатқанын көргіміз келеді. Бүгінде ол бір орында тұр. Күнделікті  ішін ашып қараймыз. 2016-шы жылдан дабыл қағып келеміз. Олар мында келіп, тек уәде беріп кетеді, - деді Кристина Рахманова.  

 

- Екінші Павлодар ауданының бастамашы тобы аталмыш кездесуге шақырды. Біз ең төмен нүкте бұл яғни, техникалық коледжге келдік. Жертөлені тексеру барысында жер асты сулары болған жоқ. Ал жолдағы құдықтарда жер асты сулары анықталды, - деді «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко.  

 

Партиялықтардың айтуынша, нысан сапасын тексеру үшін авторлық және техникалық бақылау бар. Ал елордадан тәуелсіз сарапшылардың келу-келмеуі әзірге белгісіз. Аталмыш мәселені алдағы уақытта талқылайтын болады.