• Басты бет
  • Қоғам
  • Екінші Павлодар тұрғындары жолдың нашарлығынан өз көліктерін пайдалана алмай отыр

Екінші Павлодар тұрғындары жолдың нашарлығынан өз көліктерін пайдалана алмай отыр

Сибирская көшесінде бұрын асфальт мүлдем болмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, орталық кәріз жүйесінің құрылысы барысында көптеген көшелерде қазба жұмыстары жүргізіліп, үстін жай ғана жаба салған. Салдарынан аулаға көлікпен кіріп, шыға алмайды. Нақты осы көшеде жұмыстар 1,5 ай бұрын басталған еді. Ол кезде жол қызметкерлері жіппен белгілер орнатқан.

 

- Олар бір күні келіп, белгілер орнатып жылдам кетіп қалды. 2 апта бойы оларды көрмедік. Кейін қайта келіп, жолдың деңгейін төмендетті. Қиыршықтас төсеп, кетіп қалды. Не істеп жүргендерін түсінбедік, - дейді Сибирская көшесінің тұрғыны Александр Сави.

 

- Салдарынан Нұрмағамбетов көшесінен бізге су ағады. Әзірге, жаңбыр жоқ. Алдағы уақытта болады ғой енді. Біздің үйлеріміз қайтадан судың астында қалады. Әкімдікке қоңырау шаламыз. Олар бізге ТҮКШ жүгініңдер дейді. Екіншілері тұтқаны алмайды. Мердігердің өздерін тауып алыңдар дейді. Енді жүрейік оларды қала ішінде іздеп. Біз ешкімге керек емеспіз, - деді көше тұрғыны Елена Бирюкова. 

 

Жолдың биіктігі 40 сантиметрге төмендетілді. Салдарынан осындай тосқауылдар пайда болып, адамдар аулаға көлікпен кіре алмауда. Сәйкесінше 3 апта бойы жұмысқа автобуспен жүреді. Қала әкімдігінде мәселеден хабардармыз деді. Айтуларынша, Сибирская көшесінің аталмыш телімінде асфальт салу жұмыстары жоспарланбаған.  

 

- Сибирская көшесінің тұрғындары Павлодар қаласының әкімдігіне асфальт салу жұмыстары бойынша жүгінді. Бүгінде сәулет және қала құрылысы бөлімі екінші Павлодар ауданында кәріз жүйесінің үшінші кезеңінің жобасын дайындауда. Осы ретте аталмыш көшеде асфальт салу жұмыстары тоқтап қалды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Абаттандыру жұмыстары жасалынады. Бірақ, уақытша ғана. Коммуналшылар аталмыш көшеге қиыршықтас төсейді. Мердігер жұмыс көлемінің артуына байланысты тоқтатқан. Апта соңына дейін аяқтауға тырысады деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.