Екінші Павлодар тұрғындары: «Су астында қаламыз!»

Мұнда биіктігі бірнеше метрді құрайтын қарды көруге болады. Адамдардың баспаналары жол деңгейінен төмен орналасқан. Сол себепті үйінділер еріген жағдайда судың барлығы үйге кіреді деген алаңдаушылықтарын айтты.    

 

- Бір-ақ рет әкетті қарды жуырда ғана. Енді міне қазір күн жылынса, жол да болмайды осы жаққа кіре алмайсың. Не жаяу не көлікпен жүре алмайсың. Үйге су кіреді. Жертөлеміз де суға толады, - дейді Алтайская көшесіндегі №37-үйдің тұрғыны Гүлзада Құспанова.

 

Қала әкімдігінде көпқабаттылардың аулаларынан және жеке сектор үйлерінен қар меншік иелерінің қаражатынан шығарылатынын айтты. Коммуналшылар олардың шығаруға міндетті болмаса да, көмектесуді шешті.  

 

- Павлодар қаласының кейбір аудандарындағы су басу қаупін жою үшін коммуналдық қызметкерлер қар шығару жұмыстарын орындауда. Бүгінде олар екінші Павлодар ауданындағы үйінділерді шығаруда. Аталмыш жұмыстар біздің ерекше бақылауға алынды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.  

 

Сондай-ақ, Зеленстрой, МДС, Усолка және Дачный мөлтек ауданынан үйінділерді әкеткен. Қыс басталғалы полигонға жеке сектордан жалпы 100 мың, ал жалпы қала бойынша 500 мың тонна шығарған.