• Басты бет
  • Қоғам
  • Екінші Павлодардағы көппәтерлі үй тұрғындары бір аптадан аса сусыз отыр

Екінші Павлодардағы көппәтерлі үй тұрғындары бір аптадан аса сусыз отыр

 

Всеволод Иванов көшесіндегі көппәтерлі үй тұрғындары бір апта бойы суды орталық құдықтан тасып әлек. Екі үйде 6 отбасы тұрады. Әрбіреуі орталықтандырылған жылу, су және кәріз жүйесіне қосылған. Жуырда алпауыт мамандары тіршілік нәрінің ысырмасын жауып тастапты.

 -Біздің көшеде жылу трассасын ауыстырған. Барлық құбырлар шіріп кеткен болатын. Жүйеге үнемі су ағып отыратын. Қазір жағдайды реттеді. Бірақ, 1 апта бұрын алпауыт мамандары келіп, су құбырындағы ақауды анықтап, оны бітеп қойды. Сендердің желідегі олқылық деді. Бірақ біздің жеке желіміз өткен жылы жаңартылды. Олқылық олардан, дейді Вс.Иванов көшесіндегі №98-үйінің 1-ші пәтер тұрғыны Наталья Захарова.

-Өткен жылы біз барлығымыз қаражат қосып, 900-мың теңгеге өзімізге тиесілі желіні жаңарттық. Орталық құдыққа су «Водоканалға» тиесілі құбырдың ақауынан жиналады. Біз оларға күшімізді біріктіріп, жөндеу жасайық дедік. Олар бас тартты. Енді біреудің құбырындағы ақауы үшін біз 8 тәулік сусыз отырмыз,- деп шағымын білдірді Вс.Иванов көшесіндегі №98-үйінің 2-ші пәтер тұрғыны Валентина Сергеева.

Алпауыт мамандары телефон арқылы құбырдағы ақау жергілікті тұрғындардың теңгеріміндегі желісінен анықталғаны туралы айтты. Сол себепті жөндеу жұмыстарын адамдардың өздері жасауы қажет деді. Бірақ Всеволод Иванов тұрғындары бір ауыздан олқылық алпауыттың коммуникациясынан шықты дейді.