• Басты бет
  • Қоғам
  • Екінші тоқсанда бесінші сынып оқушылары қашықтықтан оқуды жалғастырады

Екінші тоқсанда бесінші сынып оқушылары қашықтықтан оқуды жалғастырады

-Облыстың 145 мектебінде 68 мыңнан астам оқушы білім алады. Ата-аналардың тілегін ескере отырып, 137 мектепте толымдығы 15 оқушыдан аспайтын 1-4 сыныптардың 27 мыңнан астам оқушысы 2155 кезекші сыныпта оқуын жалғастырады – деді Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

 

Коронавирус анықталған алты мектептің екеуі ғана ашылады. Ал қалған төрт білім ордасы карантинге жабық болады. Бұл Ақсу қаласындағы №2 мектеп, Ертіс ауданының № 1 және 4 мектептері және Екібастұздың №7 мектебі. Ал балабақшадағы кезекті топтар бойынша өзгеріс жоқ. Олар да бұрынғысынша штаттық тәртіпте жұмыс істемек.