• Басты бет
  • Қоғам
  • Еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналысы өтеді

Еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналысы өтеді

Биыл 23-27 қыркүйекте Қазақстандағы барлық мектепте ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Жиналыста балалардың қауіпсіздігі сөз болады. Онда мамандар ата-аналарға баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың маңызын түсіндіреді.

Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, онымен әрқашан сенімді байланыс құру. Бала – біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты“, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында апта сайын сынып сағаттары аясында «Қауіпсіздік сабақтары» өтуде, сабақ кезінде интернеттегі тәуекелден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету тақырыптары қамтылуда. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар және педагогтер үшін психологиялық, құқықтық және әдістемелік кеңес алуға болатын психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Ал балаларға жасалған қатыгездікке куә болсаңыз, тәулік бойы қызмет ететін «111» нөміріне хабарласуға болады.