Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 41%-ға көтеріледі

Қоғам

128
Жаңашылдық 2022 жылдың 1 қантарынан бастап енгізілмек

Қазір елде АЕК мөлшері 2917 теңгеге тең, ал келер жылы оның 5%-ға өсетіні белгілі болды. Демек, соған сай айыппұл, салық, алғашқы тіркеу және утилизациялық алым сомасы да көтеріледі деген сөз. Айлық есептік көрсеткіш артқаннан кейін көлік жүргізушілерінің шығыны өседі. Мысал үшін, жылдамдық сағатына 40 км немесе одан да жоғары асырғаны үшін салынатын айыппұл 58340-тан 61260-ке көтеріледі.

-2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ең төменгі жалақы көлемі енгізіледі. Егер бұған дейін ол 42500 болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгені құрайды,-дейді Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндірме жұмыстары басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

42500 көлеміндегі ең төменгі жалақы мөлшері 2019 жылдан бері өзгермеген. Араға үш жыл салып бұл көрсеткіш бірден 60 мың теңгеге дейін жететін болады. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()