Ел бойынша Абайдың 175 жылдығы қорытындылануда

Хәкім Абайдың 175 жылдығы жер жаһанды жайлаған індетке тұспа-тұс келген еді. Сол себептен күні бұрын жоспарланған ауқымды жобалар, фестивальдер өткен жоқ. Дегенмен де, қайсар қазақ елі Ұлы ақынды дәріптеуді шет қалдырмай барынша еңбек етті. Абайтанушылар жолаушылармен сапарға аттанып, ақын шығармаларын оқып берсе, жас өрендер оқуларға белсене қатысқан еді. Сондай-ақ, түрлі акциялар мен челлендждер ұйымдастырылды. Ал бүгін шенділеріміз шаһардағы Абай ескерткішіне арнайы келіп гүл шоқтарын қойды.  

 

- Әлемді жайлаған індетке байланысты көптеген іс шаралар негізгі жоспарланған жобадағыдай атқарылмады. Осыған орай әлеуметтік желі арқылы Абай мұралары мектеп жасындағы баладан боз бала қауым арасында, аға буын өкілдері арасында жалпы осы Абайдың ұлттық мұрасын насихаттауға, әрбір адамға өзіндік еңбек сіңіруге үлкен мүмкіндік туды. Дегенмен, мемлекет басшысы айтқандай бұл той тойлау жылы емес, ой ойлау жылы болды десек дәлірек айтуға болады, - деді Абай атындағы халықаралық мәдениетпен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров.

 

Кейіннен ұлы ғұламаның шығармашылығын насихатауда елеулі еңбек сіңірген облыс зиялылары арнайы медальдермен және алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында «Ирбис» телеарнасының арнайы тілішісі - Бекбол Мырзахан да бар. Бұл ретте, Абайды дәріптеу осымен тоқталып қалмайды. Алдағы уақытта елдегі жағдай тұрақталғанда індеттің кесірінен шет қалған жобаларды өткізу көзделініп отыр.