Электрондық билет Павлодардың барлық автобустарында пайда болады
Қоғамдық көлікте қарым-қатынассыз төлем жасау өте ыңғайлы. Сонымен қатар, қазіргі эпидемиологиялық жағдай да қауіпсіз. Бүгінде Павлодарда 3,5 миллионнан астам сапар банк картасы арқылы жүзеге асқан.
- Мен үшін бұл өте ыңғайлы. Үнемі баламен жүремін. Ақшаны шешудің еш қажеттілігі жоқ. Дүкендерде, дәріханаларда карта арқылы төлем жасаймыз. Ірі ақшаларды майдалау да қиын, - деді қала тұрғындарының бірі.
Бұл жобаны Павлодарда іске асыруға "БПЦ Қазақстан" компаниясы жауапты. Ал қолма-қолсыз төлемді «О-CITY» бақылайды. Олардың байланыс деректері автобустарда бар. Валидаторлар жүргізушілердің, әсіресе шағын қоғамдық көліктердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
- Біз тұрғындарды жол ақысын төлеу үшін қосымша құралдар сатып алуға, шығындалуға мәжбүрлемейміз, олар өздерінің банк карталарын бұрынғыдай пайдалана алады. Осы уақытқа дейін тек 1-ші автобус паркінің автобустары мен трамвайлар ғанна жабдықталған еді, бірақ келесі аптадан бастап валидаторлар шағын автобустарда да орнатылады. Сондықтан барлық бағыттарда жол ақысын банк картасымен де төлей алады.
Мұндай байланыссыз төлем әдісі қазір бүкіләлем бойынша қоғамдық көліктерде кеңінен қолданылуда. Енді Павлодарда да жолаушылар осы ыңғайлы және пайдалы қызметке қол жеткізе алады.

