Елордалық мамандар: «Павлодар облысындағы тас жолдар сапасының төмен болуы кадрлар тапшылығына»
Павлодарлықтардың тас жолдардың төмен жағдайы соңғы кездері ерекше мазайлайды. Жағымсыз мысалдар күнде көзге түседі. Бұл ретте, білікті мамандардың келіп, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен семинар өткізу өте қажет шараға айналды.
-
Көбісі жол саласында көп біле қоймайды. Олардың жұмысы жан-жақты. Біз өз тарапымыздан жол мәселесін көтеріп, сапалы жол қою мықсатымызда. Біздің жол саласында ең көп кездесетін ақаулықтар. Олар жолдың жабындысын салған кезде, технологияның сақтамау, асфальт бетон қоспасы дұрыс болса да, соның технологиясын сақтамау барысында көптеген ақаулықтарға әкеліп жатады,- дейді Павлодар облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының директоры Талғат Қайратхан.
Мамандар жолдағы қиыршық тас сынамасын алып, арнайы цилиндрге жібереді. Өнім көп тонналық пресс астында басылады, опырылған жағдайда, сапаны төмен екендігін айқындайды. Көп жағдайда, жөнделген жолды қабылдайтындардың бұны тексеретін білімі төмен көрінеді.
-
Республика бойынша 10% жуық жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлері жол бойынша дипломдары бар, қалғандарында екінші диплом, болмаса өз мамандығы емес. Бұл жұмыс жолды қабылдау, жөндеу кезінде, қандай крийтерилерге қарау керек бойынша білімді арттырады деген ойдамын,- дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» бөлім басшысы (Нұр-Сұлтан қ.) Бауыржан Жексенбеков.
Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысында оннан астам жол жобасы сапасы төмен болғандықтан қабылданбады. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл шара пайдасын тигізеді деген ойда.
Авторы:Дархан Бекишев