Еліміз бойынша емдеу мекемесіне еркін тіркелу шарасы қашан басталады?
Биыл шетелдіктер мен еңбек мигранттарына алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарға тіркеу ережелеріне өгерістер енгізілді. Жаңашылдық тамыздың 15-нен күшіне енді.
- Шетелдік азаматтар немесе қамқорлық істеп жүрген шет ел адамдары немесе азаматтығы жоқтар алғашқы медициналық санитарлық ұйымға тіркелу үшін еркін медициналық сақтандыру шарты болуы керек. Сол шарт бойынша, мерзімі бойынша олар сол емханаға тіркеле алады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Касимов.
Шет ел азаматтары және еңбек мигранттары да медициналық көмек алу үшін сақтандыру қорына ай сайын төлем жасауға міндетті. Ал ҚР азаматтары медициналық қызмет алатын мекемені жылына тек 2 рет ауыстыра алады. Бірі қыркүйектің 15-і басталатын жыл сайынғы еркін тіркелу науқаны аясында. Аталған шара қарашаның 15-не дейін жалғасады. Айта кететіні, медициналық мекемені электрондық үкіметтің веб-порталы немесе жекелеген санаттар үшін емхананың өзінде өтініш жазу арқылы ауыстыруға болады.
Авторы: Арнагүл Исабекова