• Басты бет
  • Қоғам
  • Елімізде эпимедиологиялық жағдайдың «қою қызыл» аймақ түрі енгізілді

Елімізде эпимедиологиялық жағдайдың «қою қызыл» аймақ түрі енгізілді

Бүгін аймағымызда 275 адам індетті жұқтырғаны анықталды. Облыс бойынша үш қала мен 7 аудан қызыл аймақта. Бас санитарлық дәрігер егер эпиджағдай жақсармаса карантин шаралары қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. Бұл ретте еліміз бойынша қою қызыл аймақ пайда болғаны белгілі.

 

- Жұқтырғандар саны күн сайын артып отыр. Көбісі облыс орталығында тіркелуде. Шілденің 12-18 аралығындағы өсім 4,29 немесе 1141 жағдай, 19-25 аралығында 5 процент яғни 1402 жағдайды құрап отыр. Ал 23-29 шілде аралығында 1596, 16-22 шілдеде 1294 адам жұқтырған, - дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Екпе салу жалғасуда. Бұл ретте жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуы эпиджағдайға байланысты. Ол үшін педагогтер 100 пайыз екпе алуы қажет делінген болатын. Дінислам Болатханұлы мектепте оқу үшін барлығын жасаймыз деді.

 

- Дәстүрлі оқу форматына көшу үшін барлық мұғалімдер мен техперсонал, басқа да қызметкерлер екпе алуы тиіс. Тек содан кейін олар мектепке кіре алады.  Ал егер екпе алмауға ешқандай медициналық көрсеткіші кедергі болмаса, ол педагог сабақ бере алмайды, тек ПТР тест арқылы жұмыс істейді. Бірақ біздің мұғалімді жұмыстан шығаруға құқғымыз жоқ, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

 

 

Аймағымызда 17 137 педагог бар. Олардың 2933-і медициналық көрсеткіштер бойынша екпе алуға жатпайды. Павлодардың өзінде мұғалімдердің 92 проценті вакцина салдырған. Бұл тарапта Ақсу қаласы мен Ертіс ауданы көш бастап тұр.