Енді павлодарлықтарға жоғары медициналық көмек үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ
Ол үшін инновациялық қондырғы алып, тәжірбиелі маман шақырылып отыр. Қазіргі таңда бұл жоғары технологиялық қондырғыларда көру қабілетін түзету және бұлыңғырланған көз жанарын еуропа өндірушілерінің жоғары сапалы интроокулярлы линзаларына ауыстыратын Павлодар облысындағы алғашқы және жалғыз клиника. Ал биылдан бастап қант диабеті және басқа да ілеспе аурулары бар науқастар үшін жақсы жаңалықтары бар. Бұл жерде витреоретиналды хирургия бойынша операциялар жасайды.
-
Витреоретиналды хирургия – бұл көз патологиясының хирургиялық кешенінің ең қиыны болып табылады. Одан асқан нақты, зергерлік хирургия медицинада жоқ. «Astana Vision Pavlodar» клиникасының үлкен болашағы бар деп сеніммен айта аламын. Біздің операциялық бөлімшеміздің ұраны – қауіпсіз хирургия. Ол үшін біз әлдемнің ең үздік өндірушілерінен арнайы техинкамен қамдандық, - дейді «Astana Vision Pavlodar» клиникасының жетекші офтальмохирургі Олжас Алпышев.
Аталған жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін нақты және қауіпсіз инновациялық қондырғы пайдаланылады. Ал операцияларды «Astana Vision»клиникалар желісінің жетекші витреоретиналды хирургі Сергей Ушаков жасайды.
-
Бұл операция үлкен тәжірбиені талап етеді. Біз науқастарға мүмкіндігімізше көру қабілетін сақтап қалуға тырысамыз. Ең бастысы адамдар кешіктірмей дер кезінде келсе болғаны. Сондықтан, қант диабеті бар науқастарға Павлодар қаласындағы «Astana Vision» клиникасында толық тексерістен өту кеңесін беремін, - «Astana Vision»клиникалар желісінің жетекші витреоретиналды хирургі Сергей Ушаков.
Сергей Ушаков «Astana Vision»клиникалар желісінде 2013 жылдан жұмыс жасап келеді. Бүгінде 100 мыңнан астам офтальмологиялық операциялар жасаған тәжірбиелі маман. Енді Павлодар облысының тұрғындарына басқа өңірлерге барудың еш қажеті жоқ. Ал аталған жоғары білікті медициналық көмек түрлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі.
Авторы: Аида Адрахова