Енді салық жайлы мағлұматтарды онлайн түрде білуге болады
Бұл мәселеде азаматтарға SalyqBot кеңесшісі көмек болады. Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу мақсатында наурыздың 1-нен бастап Telegram-да чат-боты іске қосылды. @SalyqBot кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.
Пайдаланушыға салық берешегінің болуы, көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеу, бейне сабақтар көру мүмкіндіктері ұсынылған.
-
Бұл пайдаланушыға оператордың қатынасуынсыз, салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Салық төлеушілерге көптеген мүмкіндіктер береді. Мысалы салық есептеу, ұсыну мерзімі, төлеу мерзімі, банк шоттарды бұғаттау, өзге маңызды ақпаратты білу,- дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Әсемгүл Байготанова.
Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға бере алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш жазу мүмкіндіктері қарастырылған.
Авторы: Дархан Бекишев