Енді қоғамдық орындарда бетперде киюдің қажеті жоқ

Сонымен қатар бетперде тағу енді ешбір жерде міндетті емес. Тек емдеу мекемелеріне кірген кезде кию керек.

-Шектеу шаралары жеңілдетілді. Ғимарат ішінде бетперде тақпауға болады. Ал медициналық ұйымдарда бұл талап қала береді. Сонымен бірге қоғамдық және басқа да адам көп жиналатын орында тағу тек ғана ұсынылады,- дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Сонымен қатар енді барлық азаматтар Pfizer екпесін салдырта алады. Бұған дейін ол тек жасөспірімдер мен аяғы ауыр келіншектер және зейнеткерлерге ұсынылып келген еді.

 

-Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, екпе алмаған азаматтарды жұмысқа жібермеу туралы тыйымы алынып тасталды,- деп мәлімдеді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Сонымен бірге көрші Ресейге баратындар үшін де жақсы жаңалық. Бұған дейін біздің тарап міндетті ПТР тестті алып тастаған еді. Енді көрші елде де наурыздың соңынан бастап аталмыш талапты алып тастамақ.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы