• Басты бет
  • Қоғам
  • Эпиджағдайға қарамастан қаладағы бизнестің жағдайы жақсы

Эпиджағдайға қарамастан қаладағы бизнестің жағдайы жақсы

Қала әкімі бизнесмендер әлі күнге дейін азық-түлікке жатпайтын тауарларды демалыс күндері сатуға рұқсат сұрайтынын жеткізді. «Карантиндегі кедергілерге қарамастан шағын және орта бизнес субъектілері жабылып қалған жоқ», - деді шаһар басшысы. 32 миллиард теңгеден астам инвестиция түскен.

 

- Бизнеске келетін болсақ, түрлі зат сататын кәсіпкерлер демалыс күндері жабық болып, бірқатар шығынға ұшыраса, азық-түлік сататындарда ешқандай шектеу жоқ. Сәйкесінше сауда деңгейі бойынша көрсеткіш өткен жылғыдан да асып кетті, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

 

Ал қала қаражатын оңтайландырмаған. Қазіргі індет жағдайында артылған ақшаны басқа қажетті бағыттарға жұмсаған. Бұл мемлекеттік мекемелерге арнайы зарарсыздандыру ерітінділерін, қызу өлшегіштерді алу және тағы басқа. Сонымен қатар қала басшысы алдағы жылға жоспарланған ауқымды жобалар жоқ деді.

 

- Жағалауды ұзарту жобасы талқыланды. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Алдағы жылы барлық жауапты мамандармен бұл жобаны барынша сапалы етіп жүзеге асыруға тырысамыз, - деді Ержан Иманслям.

 

Алдағы жылы Сарыарқа мөлтекауданында 650 оқушыға арналған мектеп және тоғыз көпқабатты үй саланып бітеді. Сонымен бірге Достық мөлтекауданында 4 үй бой көтереді. Осы жылы жүз оң мыңға жуық шаршы метр баспананы пайдалануға берген.